logo

Қазақстан құрамасының бас бапкері міндетін уақытша атқарушы маман тағайындалды

Қазақстан құрамасының бас бапкері міндетін уақытша атқарушы маман тағайындалды

Белгілі отандық маман Талғат Байсуфинов футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері міндетін уақытша атқаратын болып бекітілді, деп хабарлайды Sport+ Қазақстан футбол федерациясына сілтеме жасап. 

Талғат Маруаұлы ұлттық құраманы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өтетін Лихтенштейн (10 қазан) және Солтүстік Македониямен (13 қазан) болатын ойындарда дайындайды.

Байсуфинов бұған дейін 2016-2017 және 2020-2022 жылдары ұлттық құраманы екі мәрте басқарған болатын. Ал қазіргі таңда Қазақстан жастар құрамасы (U21) бапкерлерінің ұстазы (менторы) қызметін атқарады.

ҚФФ Талғат Маруаұлының тәжірибесіне сенім артып, алдағы ойындарда сәттілік тілейді. Сонымен қатар, ҚФФ ұлттық құраманың жаңа бас бапкерін қызметіне үміткерлермен келіссөзді жүргізіп жатыр.Тізімде үш шетелдік маман бар.