«Бешікташ» қатарынан екінші жеңісіне қол жеткізді (видео)

«Бешікташ» Түркия чемпионатының 7-туры аясында өз алаңында чемпионаттың соңғы орнындағы «Коджаэлиспорды» 3:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды Sport+.
«Бүркіттердің» құрамында голдарды Рафа Сильва мен Вацлав Черны соқты, тағы бір доп қарсылас қорғаушысының атына жазылды. Қонақтар сапынан жалғыз голды Тайфур Бингель енгізді.