logo

«Бешікташ» Суперлига аутсайдерін қабылдайды. «Бешікташ» – «Коджаелиспор» матчының тікелей эфирі

«Бешікташ» Суперлига аутсайдерін қабылдайды. «Бешікташ» – «Коджаелиспор» матчының тікелей эфирі

«Коджаелиспор» маусым басында 6 ойында небәрі 2 ұпай жинап, турнирлік кестеде соңғы орынға сырғыды.

«Бешікташ» та соңғы уақытта жарқырай қоймады, бұл клуб басшылығын бапкерді ауыстыруға итермеледі. Алайда алғашқы матч сәтсіз өтті — «Гезтепеге» 0:3 есебімен жол берді. Бірақ келесі турда ыстамбұлдықтар «Кайсериспорды» 4:0 есебімен сенімді жеңді.

«Қырандар» соңғы турдағы жеңісін жалғастыра ала ма, жоқ па?

Мұны 29 қыркүйекте сағат 22:00–де Sport+ телеарнасынан және sportplustv.kz сайтынан тікелей эфирде білеміз.