«Фенербахче» жаңа бас бапкерін таныстырды
Футболдан Түркия құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Эмре Белезоғлу ресми түрде «Фенербахче» клубының бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды Sport+.
Эмре бұған дейін «Башакшехир», «Анкарагюджю», «Антальяспор» және «Касымпаша» командаларын жаттықтырған. Сондай-ақ ол «Фенербахче» клубында спорт директоры қызметін атқарып, 2020/21 жылғы маусымда 10 матч бойы бас бапкердің міндетін уақытша орындаған.
Футболшы ретінде де стамбұлдық клубтың намысын қорғап, 200-ден астам матч өткізіп, 33 гол соққан.
Сонымен қатар Белезоғлу ойыншылық мансабында Италияның «Интер», Англияның «Ньюкасл», Испанияның «Атлетико», сондай-ақ Түркияның «Галатасарай» және «Башакшехир» клубтарында өнер көрсеткен.
Жаңа бас бапкердің жетекшілігімен «Фенербахче» алғашқы кездесуін 8 қарашада «Чорумға» қарсы өткізеді.
Аталған матчты Sport+ телеарнасынан тікелей эфирде тамашалауға болады.