logo

Федерико Вальверде: Қазақстанда «Реал» жанкүйерлерін көру ерекше әсер қалдырды

Федерико Вальверде: Қазақстанда «Реал» жанкүйерлерін көру ерекше әсер қалдырды

«Реалдың» жартылай қорғаушысы Федерико Вальверде «Қайратқа» қарсы ойын алдындағы баспасөз мәслихатында журналистердің сұрақтарына жауап берді:

— Біз үшін Қазақстанда «Реалдың» жанкүйерлерін көптеп көру үлкен қуаныш болды. «Қайратқа» қарсы матч біз үшін аса маңызды, — деді Вальверде кіріспе сөзінде.

— «Атлетикомен» болған ойындағы қателерді талқылап үлгердіңіздер ме?
— Біз «Атлетикомен» матчтағы қателер жайлы көп айттық. Ол біз үшін ауыр соққы болды. Өз ойынымызда көп нәрсені өзгерткіміз келеді.

— Хаби Алонсо бастаған жаңа жобаға сеніміңіз бар ма?
— Хаби Алонсоның жаңа тактикасына бейімделу үшін әлі жеткілікті матч болған жоқ. Біз мұндай жеңілістер қайталанбас үшін бар күшімізді саламыз.

— Сырт көзге сіз алаңдағы өз орныңызды таба алмай жүргендей көрінесіз. Солай ма?
— Біз қалаған деңгейде ойнай алмауым аздап көңілімді түсіреді. Маусымды өзім қалағандай бастай алмадым. Клубтық әлем чемпионаты жаман өтпеді. Мен Хаби Алонсоның ойын жүйесіне бейімделуді жалғастырамын. Команданың көшбасшыларының бірімін, сондықтан тек алға қараймын.

— Сіз қапталдағы қорғаушы позициясында ойнағыңыз келмейтінін айтқан едіңіз. Тіпті ол позицияда ойнаудан бас тарттыңыз деген сөздер болды…
— Әрдайым өз ойыным жайлы кері байланыс алып отырдым. Көпшілігі менің қапталдағы қорғаушы болып туған еместігімді айтады. Кейде командаға қажет жерде ойнау керек екенін түсінемін, сол себепті қапталдағы қорғаушы болып та ойнадым. Бірақ маған орталықта ойнау әлдеқайда ыңғайлы. Дегенмен, жазылғандай, ешқашан ол позицияда ойнаудан бас тартқан жоқпын. Тек өз алаңдағы орным жайлы бас бапкермен ой бөлістім.

— Кеше түнде әуежайда сізді қарсы алған жанкүйерлерге таңғалған жоқсыз ба?
— «Реал» матчтарына қатысты бұл — қалыпты жағдай. Біз мұнда бұрын болмасақ та, әуежайда да, қалада да жанкүйерлерді көру бізге өте жағымды әсер қалдырды. Қашықта болсақ та, мұнда «Реалдың» сонша көп жанкүйері бар екеніне қуаныштымыз.