logo

«Қайрат» Чемпиондар лигасында «Реалдан» жеңілді

«Қайрат» Чемпиондар лигасында «Реалдан» жеңілді

УЕФА жастар арасындағы Чемпиондар лигасының екінші туры аясында «Қайрат» U19 командасы «Реалдың» жасөспірімдеріне қарсы матч өткізді, деп хабарлайды Sport+.

Ойын 4:1 есебімен мадридтіктердің пайдасына аяқталды. Алматы клубының жалғыз голын Исмаил Бекболат соқты.

Бірінші турда «Қайрат» «Спортингке» 2:3 есебімен есе жіберген еді. Келесі қарсыласы — кипрлік «Пафос» командасы болмақ.