Ирина Юнусметова нысана көздеуден әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Ирина Юнусметова нысана көздеуден әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Қазақстан құрамасының өкілі Ирина Юнусметова Катар астанасы Дохада өтіп жатқан нысана көздеуден әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sport+.

Қазақстандық спортшы 50 метр қашықтықтан тапаншамен ату сайысында жүлдегерлер қатарына енді.

Жарыс қорытындысы бойынша Юнусметова 537 ұпай жинап, үшінші орынға ие болды және әлем біріншілігінің қола жүлдесін қанжығасына байлады.

Түркиялық Шевваль Илайда Тархан 546 ұпаймен әлем чемпионы атанды. Ал Армения өкілі Эльмира Карапетян 542 ұпай жинап, күміс медаль иеленді.

Айта кетейік, бұл — Қазақстан құрамасының аталған әлем чемпионатындағы алғашқы медалі.
 



Күн шежіресі