Қазақстан әйелдер құрамасы УЕФА Ұлттар лигасы-2027 маусымындағы қарсыластарын білді

Қазақстан әйелдер құрамасы УЕФА Ұлттар лигасы-2027 маусымындағы қарсыластарын білді

Швейцарияның Ньон қаласында әйелдер арасындағы УЕФА Ұлттар лигасының 2027 жылғы маусымының топтық кезеңіне жеребе тартылды. Оның қорытындысы бойынша Қазақстан ұлттық құрамасы C6 тобына түсті, деп хабарлайды Sport+ ҚФФ ресми сайтына сілтеме жасап.

Отандық ұжымның қарсыластары Армения және Черногория құрамалары болады.

Қазақстан әйелдер құрамасы командалар алты топқа бөлінген С лигасы сынында бақ сынайды. Топ жеңімпаздары B лигасына көтерілуге мүмкіндік алады.

УЕФА Ұлттар лигасы-2027 топтық кезеңінің матчтары келесі жылдың ақпан айында басталады. Қазақстан құрамасы ойындарының нақты кестесі қосымша хабарланады.



Күн шежіресі