Қазақстан U-21 құрамасының Беларусьпен өтетін жолдастық матчтарға арналған құрамы

Қазақстан U-21 құрамасының Беларусьпен өтетін жолдастық матчтарға арналған құрамы

Қазақстан жастар құрамасы Беларусь құрамасына қарсы екі жолдастық матч өткізеді. Кездесулер 12 және 15 қараша күндері Шымкент қаласында өтеді, деп хабарлайды Sport+.

Екі матч та «Намыс» стадионында өтеді.

Алдағы ойындарға Қазақстан және шетелдік клубтардың намысын қорғайтын 23 футболшы шақырту алды.

Қазақстан жастар құрамасына шақырту алған ойыншылар тізімі:

Қақпашылар: Шерхан Қалмұрза («Қайрат»), Әбілқайыр Әлиақбар («Алтай»), Саятхан Құсайынов («Тұран»).

Қорғаушылар: Әмірбек Базарбаев, Мұстафа Шен, Данияр Ташпулатов, Адлан Нұрғалиев (барлығы — «Қайрат»), Елхан Саидов, Темірлан Мұрзағалиев (екеуі де — «Тұран»), Нұрали Елемес («Каспий»), Темірлан Төребек («Тараз»).

Жартылай қорғаушылар: Мұхамедәлі Әбіш, Кәрім Махаметжан (екеуі де — «Қайрат»), Мирас Уманиязов, Әділбек Бегімов (екеуі де — «Ақтөбе»), Асан Байғалиев («Елімай»), Роман Асылбаев («Шахтер»).

Шабуылшылар: Мансұр Бірқұрманов («Қайрат»), Арсен Ахметов, Мақсат Абраев (екеуі де — «Астана»), Ислам Нұрмұхаммед («Каспий»), Мирам Кикбаев («Ақтөбе»), Шахмұрза Әділбеков («Баник», Словакия).

Жаттықтырушылар штабы:

Владимир Чебурин — аға бапкер, Дмитрий Карпов — аға бапкердің көмекшісі, Сергей Лабодовский — аға бапкердің көмекшісі; , Валерий Ситало — қақпашылар бапкері, Рустам Усманов — дене даярлығы бапкері, Біржан Хабит — сарапшы, Арыстанбек Баттаков — дәрігер, Қайратәлі Күнқожаев — массажист, Ердоc Калимов — массажист, Рахат Әкімқұл — менеджер, Серіжан Әбжал — әкімші.



Күн шежіресі