«Реал Мадрид» «Қайратқа» қарсы құрамын жариялады

Мадридтік «Реал» клубы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің екінші турындағы матчқа ресми құрамын жариялап, Алматыға ұшып келді, деп хабарлайды Sport+.
Кездесу 30 қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадионында өтеді.
«Реалдың» құрамы келесідей:
Қақпашылар: Тибо Куртуа, Андрей Лунин, Хави Наварро;
Қорғаушылар: Давид Алаба, Рауль Асенсио, Альваро Каррерас, Фран Гарсия, Дин Хейсен, Давид Хименес;
Жартылай қорғаушылар: Джуд Беллингем, Эдуарду Камавинга, Федерико Вальверде, Орельен Чуамени, Арда Гюлер, Дани Себальос;
Шабуылшылар: Винисиус Жуниор, Килиан Мбаппе, Эндрик, Родриго, Гонсало Гарсия, Браим Диас, Франко Мастантуоно.