«Елімай» жеңісті 95 минутта жұлып алды (видео)

Футболдан Қазақстан чемпионатының 24-тур аясында «Елімай» өз алаңында «Ордабасыны» 2:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды Sport+.
Қонақтар есепті 3-минутта ашты, гол авторы — Эльхан Астанов. Ал алаң иелері есепті тек 84-минутта Рамазан Оразовтың дәл соққысынан кейін теңестіре алды. Ал 95-минутта Роман Муртазаев командасына жеңіс сыйлады.