«Фенербахче» Түркия Суперлигасында екінші орынға көтерілді (видео)

Түркия Суперлигасының жетінші туры аясында Стамбулда «Фенербахче» мен «Антальяспор» командалары кездесті, деп хабарлайды Sport+.
Бұл ойында 2:0 есебімен «Фенербахче» жеңіске жетті. Голдардың авторлары — пенальтиден дәл соққы жасаған Талиска және Себастьян Шиманьски.
«Фенербахче» 15 ұпаймен Түркия чемпионатында екінші орынға жайғасты. Ал «Антальяспор» 10 ұпаймен сегізінші орында тұр.
Айта кетейік, турнир кестесінде көш бастап тұрған «Галатасарайдың» еншісінде 21 ұпай бар.