logo

Чемпиондыққа талас жалғасуда. «Қайрат» — «Жетісу» матчының тікелей эфирі

Чемпиондыққа талас жалғасуда. «Қайрат» — «Жетісу» матчының тікелей эфирі

«Қайрат» мадридтік «Реалмен» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі аясындағы матчқа байланысты 24-турдағы кездесуін 5 қазанға шегерді, ал бұл турдың қалған ойындары бір апта бұрын өтіп кеткен болатын.

Егер алматылықтар жеңіске жетсе, олар турнир кестесінде бірінші орынға қайта оралады, яғни «Астанадан» озып кетеді. Ал «Жетісу» болса әзірге соңғы орыннан бес ұпай жоғары тұрса да, әлі де болса төменгі дивизионға түсіп қалмау үшін күресті жалғастыруда — «Тұранның» талдықорғандықтарды қуып жетуге математикалық мүмкіндігі бар.

Самат Смаков бұл ойында шабуылшы Нұрбол Ануарбековке сене алмайды — ол соңғы матчта қызыл қағаз алған. Сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, «Жетісу» сапында «Қайраттан» жалға алынған бірнеше ойыншы да бұл матчқа қатыса алмайды.

Бірінші айналымда Самат Қәбірұлы өз алаңында алматылықтарды тоқтатып, 2:2 есебімен тең ойнаған болатын.

Жаңа кездесу 5 қазан күні сағат 16:00–де өтеді.

Матчтың тікелей көрсетілімі Sport+ телеарнасында, sportplustv.kz сайтында және YouTube желісіндегі sportplus_qaz арнасында қолжетімді болады.



Күн шежіресі