«Трабзонспор» Суперлигада қатарынан екінші жеңісіне қол жеткізді (видео)
«Трабзонспор» Түркия Суперлигасының 8-тур бағдарламасын турнир кестесінің аутсайдері «Кайсериспорға» қарсы өз алаңындағы матчпен бастады, деп хабарлайды Sport+.
Алаң қожайындары фаворит мәртебесін ақтап, қарсыласын 4:0 есебімен ойсырата жеңді. Гол авторлары — Окай Йокушлу, Фелипе Аугусто, Александр Зубков және Пол Онуачу.