logo

Ыстамбұл дербиі. «Галатасарай» – «Бешікташ» матчының тікелей эфирі

Ыстамбұл дербиі. «Галатасарай» – «Бешікташ» матчының тікелей эфирі

«Галатасарай» мен «Бешікташ» арасындағы бұл кездесудің Ыстамбұл дербиі мәртебесінен бөлек, турнир кестесіндегі жағдайды жақсартуға да үлкен мүмкіндік бар.

Қазіргі чемпион ретінде «Галатасарай» маусымды керемет бастады — 7 ойында 7 жеңіс. Сонымен қатар, аптаның ортасында Чемпиондар Лигасы аясында өз алаңында Англия чемпионы «Ливерпульді» жеңіп шықты.

Ал «Бешікташ» еурокубоктарда сәтсіздікке ұшырап, маусымды нашар бастады. Осы себепті бас бапкер Уле Гуннар Сульшер Норвегияға оралуға мәжбүр болды. Жаңа бапкермен бірге «бүркіттер» жағдайды аздап түзетіп, қатарынан екі жеңіске жетті және қазіргі уақытта турнир кестесінде бесінші орында тұр.

Өткен жылғы чемпиондық атағына қарамастан, «Галатасарай» «Бешикташпен» екі кездесудің тек біреуінде ғана жеңіске жеткен. Маусым соңында «Бешікташ» чемпионды 2:1 есебімен ұтқан болатын. Сонымен қатар, жанкүйерлердің есінде әлі күнге дейін Суперкубок финалында «арыстандардың» «бүркіттерден» 0:5 есебімен жеңілгені сақтаулы.

Жаңа дерби 4 қазанда, сағат 22:00–де өтеді. Тікелей эфирді Sport+ телеарнасынан және sportplustv.kz сайтынан көруге болады.



Күн шежіресі