logo

«Тобыл» – 2025 жылғы Қазақстан кубогының иегері

«Тобыл» – 2025 жылғы Қазақстан кубогының иегері

Қостанайлық «Тобыл» Қазақстан Кубогының финалында шымкенттік «Ордабасыны» 2:0 есебімен жеңіп, турнирдің жеңімпазы атанды. Финалдық кездесу Қызылордадағы жаңа стадионда өтті, деп хабарлайды Sport+.

Голдарды 19-минутта Николай Сигневич, ал 33-минутта Ислам Чесноков соқты.

Бұл жеңіс «Тобыл» үшін тарихи жетістік болды. Клуб өз тарихында үшінші рет Қазақстан кубогын жеңіп отыр. Бұған дейін қостанайлық команда 2007 және 2023 жылдары кубок иегері атанған.

«Тобылдың» кубокты жеңіп алуына байланысты, енді Қазақстан Премьер-лигасында төртінші орын алған клуб келесі маусымда Еурокубок турниріне қатысу құқығына ие болады.



Күн шежіресі