«Галатасарай» сан жағынан кем бола тұра, Ыстамбұл дербиінде тең нәтижеге қол жеткізді (видео)

Ыстамбұл дербиі аясында «Галатасарай» өз алаңында «Бешікташты» қабылдады, деп хабарлайды Sport+.
«Бүркіттер» матчтың басында-ақ Тэмми Абрахамның голының арқасында есеп ашты. 34-минутта алаң иелері Дэвинсон Санчес қызыл қағаз алып, сан жағынан кем қалды.
Соған қарамастан, олар есепті теңестіре алды. Екінші таймда Илкай Гюндоган көзге түсті.