logo

«Елімай» – «Ордабасы»: Еурокубок жолындағы шешуші кездесу. Матчтың тікелей эфирі

«Елімай» – «Ордабасы»: Еурокубок жолындағы шешуші кездесу. Матчтың тікелей эфирі

Футболдан Қазақстан чемпионатының 24-туры аясында «Елимай» өз алаңында «Ордабасыны» қабылдайды.

Семейлік команда қазіргі уақытта турнир кестесінің 4-орны үшін қызу күрес жүргізіп жатыр. Бұл орын кейбір жағдайларда келесі жылғы Конференциялар лигасына жолдама беруі мүмкін.

Ал шымкенттіктер чемпионатта аса мотивацияға ие емес, дегенмен оларды алда Қазақстан Кубогының финалы күтіп тұр, онда олар «Тобылмен» кездеседі.

Командалар бірінші айналымда 1:1 есебімен тең түскен болатын.

Олардың жаңа кездесуі 28 қыркүйек күні сағат 17:00–де өтеді.

Ойынды тікелей эфирде Sport+ телеарнасынан, sportplustv.kz сайтынан және YouTube-тегі sportplus_qaz арнасынан көруге болады.