logo

Бәйгеден Қазақстан чемпионаты: шабандоздар ауа райының қолайсыздығына қарамастан, тартысты бәсекеге түскен

Бәйгеден Қазақстан чемпионаты: шабандоздар ауа райының қолайсыздығына қарамастан, тартысты бәсекеге түскен

Наурыз айында бәйгеден Қазақстан чемпионаты бастау алып, екі кезеңде үздіктер анықталды. Жарыс барысы жайында республикалық «Бәйге» федерациясының атқарушы директоры Алтай Бимен Sport Plus Qazaqstan тілшісіне баяндады:

Бәйгеден Қазақстан чемпионатының қос кезеңі мәресіне жетті. Алғашқы жарыс Шымкентте өтті. Қатысушылар қатары әлдеқайда толыққан. Маусымның басы болғандықтан, аттардың да, спортшылардың да басым бөлігі дебютант. Дегенмен, жүлдегерлер қатарына енгендер бұрыннан белгілі шабандоздар. Екінші кезең Алматы облысында Наурыз мейрамына орай өтті. Толассыз жаңбыр жауып, бәйге алаңы батпақ болып, қолайсыздық туындады. Осыған байланысты аттардың жылдамдығы бәсеңдеді, бірақ ең бастысы бәрі дін аман. Алдын ала сақтану мақсатында көп ат иелері жарысқа қатысудан бас тартты, бірақ бұл бәйгенің әсерлі өтуіне кедергі болмады.

Ұлттық ат спорт маманы еліміздің қай аймақтарында бәйге қарқынды дамып келе жатқанын да сөз етті:

Қазақстанда атбегілік өнердің негізгі аймағы - Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы. Барлығымызға белгілі Көкбастау атшабарының маңында мен деген шеберлер шоғырланған. Ел чемпионаты төрт дисциплина бойынша өтті: топ, құнан, аламан және ұлы аламан. Аламан бәйгеде Абай облысы, ұлы аламанда Жамбыл облысы, топ пен құнанда Алматы облысы үздік шықты.

Бәйгеден Қазақстан чемпионаты: шабандоздар ауа райының қолайсыздығына қарамастан, тартысты бәсекеге түскен

Бәйгеден Қазақстан чемпионатының екі кезеңі артта қалып, алда әлі жеті кезең және ақтық жарыс бар. Біріншіліктің әр кезеңі Sport Plus Qazaqstan телеарнасының тікелей эфирінде көрсетіледі.

22 сәуір, Қызылорда.

11 мамыр, Алматы.

1 маусым, Ақтөбе.

22 маусым, Көкшетау.

13 шілде, Петропавл.

3 тамыз, Қарағанды.

24 тамыз, Орал.

5 қазан, Астана - финал.