Бағдат Сабаз Олимпиада жүлдегерін жеңіп, қола медальға ие болды

Бағдат Сабаз Олимпиада жүлдегерін жеңіп, қола медальға ие болды

Қазақстандық балуан Бағдат Сабаз грек-рим күресінен елордада өтіп жатқан әлем чемпионатында жеңіс тұғырына көтерілді, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Отандасымыз 67 келіге дейінгі салмақтың қола жүлдесі үшін өткен белдесуде Париж Олимпиадасының қола жүлдегері әзірбайжандық Хасрат Джафаровпен күш сынасты.

Нәтижесінде Бағдат Сабаз қарсыласынан 8:5 есебімен басым түсіп, жарыста қола медаль жеңіп алды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен әлем чемпионатын үш қола медальмен аяқтады. Бұған дейін Исхар Курбаев (55 келі) және Айдос Сұлтанғали (60 келі) үздік үштіктен көрінген еді.



Күн шежіресі