logo
Live

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Астанада кері санақ тақтасы іске қосылды

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Астанада кері санақ тақтасы іске қосылды

Астанада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының басталуына қанша күн қалғанын көрсетіп тұратын кері санақ тақтасы салтанатты түрде іске қосу рәсімі өтті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Қазақстанда өтетін Көшпенділер ойынына әлемнің 100 елінен өкілдер қатысады деп күтіліп отыр. Қазірдің өзінде 60 елдің келісімі бар. Спорттың 20 түрінен 4 мыңға жуық қатысушы сынға түседі. Ұлы Дала төсін дүбірге бөлейтін мереке бір аптаға созылады.

Салтанатты рәсімнен соң меймандар «Наурыз мейрамы Астана 2024» қолөнершілер жәрмеңкесін аралап, Ұлыстың ұлы күніне арналған мерекелік концертті тамашалады.