Дакар-2026 жасөспірімдер Олимпиадасы: Қазақстан құрамасының тізімі белгілі болды
Сенегал астанасы Дакарда өтетін 2026 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан намысын қорғайтын спортшылардың толық тізімі жарияланды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Байрақты бәсекеде ел атынан 18 қазақстандық 11 спорт түрі бойынша сынға түседі.
Қазақстан құрамасының тізімі:
Таеквондо: Любовь Юн
Триатлон: Рамазан Әйнегов
Жеңіл атлетика: Маргарита Косинова (400 метрге кедергілер арқылы жүгіру), Максим Сажнев (диск лақтыру)
Спорттық гимнастика: Ева Тациева, Андрей Терман
Бокс: Ақнұр Тұрсынғали, Марал Төлепберген, Бибарыс Әшірбай
Тасжолдағы велоспорт: Әнел Тәшбай, Глеб Новиков
Дзюдо: Фатима Сұпығалиева
Жағажай волейболы: Оразалы Сағыныш, Әлихан Ағабек
Жүзу: Анатолий Руденко, Дарья Чеснокова
Семсерлесу: Айбар Қайым (сабля)
Брейкинг: Айзара Жұмабекова
Айта кетейік, Дакардағы жасөспірімдер Олимпиадасы 31 қазан мен 13 қараша аралығында өтеді. Бұл — Африка құрлығында ұйымдастырылатын алғашқы Олимпиада ойындары.