Семсерлесуден U23 Азия чемпионатына қатысатын қазақстандықтар анықталды

Семсерлесуден U23 Азия чемпионатына қатысатын қазақстандықтар анықталды

28 қазанда Бахрейннің Манама қаласында семсерлесуден 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Аталған жарыста отандастарымыз барлық қару түрлері бойынша жүлдеге таласады.

Шпага: Кирилл Проходов, Богдан Лукин, Георгий Тинников, Михаил Кузьмин, Каролина Фомина, Наталья Зинякова, Мария Лесовская, Полина Лесовская

Сабля: Қуаныш Ерғашбай, Қайназар Нұрқатұлы, Бексұлтан Абжал, Ерхан Қараман, Қайша Жәнібек, Полина Ко, Диляра Исабекова, Адема Серікбай

Рапира: Ғалым Нұрымов, Тимофей Семенов, Мансұр Естеу, Евгений Токанов, София Актаева, Алена Гноева, Алина Искандерова, Ксения Андреева

Айта кетейік, Азия чемпионаты 2 қарашада аяқталады.



Күн шежіресі