Жания Бекмұхамбетова Италиядағы үстел теннисі турнирінде күміс жүлдегер атанды
Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының өкілі Жания Бекмұхамбетова Италияның Линьяно қаласында өткен WTT Youth Contender халықаралық турнирінде күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sport+.
Қазақстандық спортшы 13 жасқа дейінгі (U13) қыздар арасындағы жарыста екінші орын иеленді.
Турнир барысында Жания Бекмұхамбетова италиялық Виктория Таминиді 3:0, румыниялық Диана Бурлакуды 3:0, италиялық Майя Павелді 3:0, австралиялық Алисса Йенгті 3:0 және испаниялық Кармен Гоместі 3:0 есебімен жеңді.
Ал финалдық кездесуде қазақстандық теннисші жапониялық Каэдэ Нэяға 1:3 есебімен есе жіберіп, турнирдің күміс жүлдегері атанды.