ҰЛЫ ДАЛА ЖОРЫҒЫ: жүйріктер 500 шақырымды бағындырады
Биыл Ұлы дала жорығы марафоны Петропавл қаласынан басталып, Астанаға дейін келеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Былтыр шабандоздар екі рет ат ауыстырып, 1300 шақырымға шапса, биылғы меже 500 шақырым және ат ауыстырмайды. Жүйрік пен жігіттің намысы сынға түсетін додаға ат жаратып жатқандар көп.
Марафон Петропавл орталығындағы Абылайдың ақ үйі резиденциясынан 12 мамырда бастау алып, 5 күнде Астана қаласына жетеді деп жоспарланған.
Жеңімпаздар қатарына енген 3 команда қыркүйек айында өтетін Ұлы дала жорығы халықаралық турына берілетін лицензияны алады.