logo

АҚШ пен Қазақстан көкпар құрамалары кездесу өткізеді

АҚШ пен Қазақстан көкпар құрамалары кездесу өткізеді

20 наурызда көкпардан АҚШ пен Қазақстан құрамаларының кездесуі өтеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

АҚШ құрамасының жетекшісі – америкалық ковбой Лэдд Хауэлл. Қазақстан құрамасын белгілі көкпаршы Құрманбек Тұрғынбек бастайды. Наурыз қарсаңында ұйымдастырылған додаға Лэдд Хауэллмен бірге америкалық кәсіби ковбой Кейси Филд те қатысады. АҚШ-тан келетін топ құрамында журналист, фотограф әрі режиссер Джейсон Мотл да бар. Шара аясында Ұлттық спорт түрлері бойынша да жарыстар өтеді.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ат спорты түрлері, көкпар, ұлттық күрес түрлері, садақ ату, дәстүрлі интеллектуалды ойындар, саятшылық өнер, садақ ату, жамбы ату, арқан тарту сынды ұлттық және халықтық ойындардың 20 түрінен жарыс өтеді. Ресми бағдарламадан тыс, ұлттық өнердің 10 түрі таныстырылады.



Күн шежіресі