logo

Асық атудан алғашқы ел чемпионаты Ақтауда өтеді

Асық атудан алғашқы ел чемпионаты Ақтауда өтеді

Ақтауда наурыздың 23-30 күндері аралығында ұлттық спорт түрлері - «Асық ату» мен «Бес асықтан» алғаш рет Қазақстан Республикасының чемпионаты өтетін болды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Бұл туралы Маңғыстау облысы бойынша асық атудан аға жаттықтырушы Илесбай Омаров мәлімдеді.

Оның айтуынша «Асық ату» және «Бес асық» ойындарына 2008-2010, 2011-2013 жылдары туған жасөспірімдер қатыспақ.

Өңірімізде алғаш рет өткелі отырған бұл чемпионат ұлттық спорт - Асық ату және Бес асыққа деген қызығушылықты арттырып, ауыл аудан, қалаларда ұлттық спорт түрін дамыту, бабалардан мирас болған құндылықтарды ұлықтау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Аталмыш додаға республикамыздың 18 өңірінен 288 спортшы қатысып бақ сынайды, - деді Илесбай Омаров.