«Галатасарай» Ыстамбұл дербиінде «Фенербахчені» жеңді (видео)
Түркия Суперлигасы аясындағы Ыстамбұл дербиінде «Галатасарай» «Фенербахчені» 2:1 есебімен жеңді.
Кездесуде «Галатасарай» шабуылшысы Виктор Осимхен дубль авторы атанып, командасының жеңісіне шешуші үлес қосты.
Ал «Фенербахче» сапында Ирфан Кахведжи қарсылас қақпасына гол соқты.
Осы жеңістің арқасында «арыстандар» Түркия Суперлигасының турнирлік кестесінде бірінші орынға қайта көтерілді.