«Жетісу» «Дебреценнің» бұрынғы ойыншысымен толықты
«Жетісу» бразилиялық қорғаушы Чарлстон Сильвамен келісімшартқа отырғаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
27-жасар футболшы өткен маусымда «Мақтаарал» сапында өнер көрсетіп, «Жетісудің» бас бапкері Қайрат Нұрдәулетовпен бірге жұмыс жасаған.
Чарлстон өзінің мансабын «Ресифеде» бастады, содан кейін бразилиялық «Портуға» көшті. Оның алғашқы еуропалық командасы болгариялық «Царско село» болды. Болгариядан кейін Чарлстон Солтүстік Македонияда, Румыния және Венгрия клубтарында өнер көрсетті.