Қайрат Ахметов ACA лигасындағы екінші жекпе-жегін өткізеді

Қайрат Ахметов ACA лигасындағы екінші жекпе-жегін өткізеді

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қайрат Ахметов ACA лигасындағы екінші жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Sport+.

Кездесу желтоқсан айында Бішкекте өтетін турнир аясында ұйымдастырылады.

Ахметов ONE Championship лигасының бұрынғы чемпионы жеңіліс көрмеген Руслан Қасым уулумен жұдырықтасады. Бұл жекпе-жек қырғызстандық спортшының ресейлік ACA лигасындағы алғашқы кездесуі болмақ.

Айта кетейік, Руслан Қасым уулу бұған дейін OCTAGON лигасының чемпионы атанған.