Асылжан Таскет Open FC лигасының бұрынғы чемпионымен жекпе-жек өткізеді

Асылжан Таскет Open FC лигасының бұрынғы чемпионымен жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері, «Alash Pride» лигасының чемпионы Асылжан Таскет 19 қарашада өзбекстандық Mangu промоушенімен бірлесіп ұйымдастырылатын турнирде өнер көрсетеді, деп хабарлайды Sport+.

Оның қарсыласы қырғызстандық Нұртілек Жалынбеков болмақ. Нұртілек 2023 жылы Бруно Роверсоны нокаутқа түсіріп, Open FC лигасының чемпионы атанған.

Сонымен қатар қырғызстандық спортшы Open FC-ден бөлек, EFC, RCC және басқа да лигаларда өнер көрсеткен.

19 қарашада өтетін турнирді Sport+ телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
 



Күн шежіресі