«Қызылжар» мен «Жетісу» грузин легионеріне таласып қалды
Түркияда өтіп жатқан «Жетісудің» ОЖЖ-да жүрген жартылай қорғаушы Лука Имнадзе аяқ астынан өзінің бұрынғы командасы «Қызылжармен» келісімшартқа отырып қойды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Бұл туралы петропавлдық клуб ресми хабарлады:
- Лука бізбен бірге екенін хабарлаймыз! Жақында біз Имнадземен қоштастық, бірақ футбол ойыны тосынсыйларға толы және біз ынтымақтастықты ұзартуға мүмкіндік тапқанымызға қуаныштымыз. Лука, өткен маусымдағы команда көшбасшыларының бірі болды және бұл шешім команданың болашақ жетістіктеріне деген сенімімізді көрсетеді. Тағы да қош келдіңіз, Лука! – деді клубтың спорт директоры Максим Зуев.
Айта кететіні, Имнадзе қаңтар айының ортасынан Қайрат Нұрдәулетовтың командасында жаттығып, талдықорғандық клуб Луканы команда құрамына ресми қоспақ болған.
Өткен маусымда Қазақстан чемпионатында Имнадзе 26 ойында 4 гол соқты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram