Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында екінші жеңісіне қол жеткізді
Хоккейден Қазақстан құрамасы Азия чемпионатындағы екінші кездесуін өткізіп, Қытай құрамасын 5:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Sport+.
Қазақстандық команда сапында Саян Данияр дубль авторы атанса, Артур Гатиятов, Оскар Юлбарысов және Кирилл Никитин бір-бір шайбадан соқты.
Талғат Жайлауовтың шәкірттері Азия чемпионатындағы соңғы кездесуін 8 қарашада Корея құрамасына қарсы өткізеді.