Қазақстан чемпионатының рекордшысы «Жетісу» құрамын толықтыру мүмкін
Сенегалдық жартылай қорғаушы Абдулай Диакате талдықорғандық «Жетісу» сапына ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Қазақстан чемпионатында 300-ге жуық ойын өткізіп, африкандық футболшылар арасында рекорд орнатқан Диакате Қайрат Нұрдәулетовтың тізіміне ілікті. 2023 жылдың жазында «Каспийден» кетуге мәжбүр болған 36-жасар легионер қазіргі таңда командасыз отыр.
Қазақстан чемпионатында Диакате «Тараз», «Ордабасы», «Атырау», «Тұран» және «Каспий» клубтарында өнер көрсетті.