«Барыс» «Амурдан» шайба соға алмай жеңілді

«Барыс» «Амурдан» шайба соға алмай жеңілді

«Барыс» хоккей клубы тоғыз матчқа созылған сырт алаңдағы ойындар сериясын Хабаровскіде аяқтады, деп хабарлайды Sport+.

Елордалық команданың жаттықтырушылар штабы құрамға екі өзгеріс енгізді. Жетінші қорғаушы ретінде Бейбарыс Оразов өтінімге енсе, қақпаны ойынның алғашқы минуттарынан бастап Хантер Шепард қорғады.

Астаналықтар бірінші кезеңді жақсы өткізіп, қарсыласқа қақпаға небәрі екі рет дәл соққы жасауға мүмкіндік берді. Алайда екінші кезеңде «Амур» ойын тізгінін теңестіріп, сан басымдығын тиімді пайдаланды. Олег Ли қайтқан шайбаны қақпаға бағыттап, есеп ашты.

Үшінші кезеңде «Барыс» таразы басын теңестіру үшін бар күшін салды. Елордалық хоккейшілер қарсыластан төрт есе көп соққы жасап (18:4), басымдық танытқанымен, Александр Трушков қорғаған қақпадан саңылау таба алмады. Ал Кирилл Ураков бос қалған қақпаға шайба соғып, матчтың нүктесін қойды.

12 қарашада Михаил Кравецтің шәкірттері өз айдынында «Адмиралды» қабылдайды.
 



Күн шежіресі