Қазақстан құрамасы хоккейден үшінші рет қатарынан Азия чемпионы атанды

Қазақстан құрамасы хоккейден үшінші рет қатарынан Азия чемпионы атанды

Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Оңтүстік Кореяның Чонджу қаласында 5–8 қараша аралығында өткен 2027 жылғы Азия чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Sport+ ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құрлықтық додаға Қазақстан, Жапония, Оңтүстік Корея және Қытай ұлттық құрамалары қатысты.

Қазақстан құрамасы турнир аясында үш кездесу өткізді. Алғашқы матчта отандастарымыз Жапонияны 3:2 есебімен жеңсе, кейін Қытай құрамасынан 5:0 есебімен басым түсті.

Турнирдің соңғы кездесуінде қазақстандық хоккейшілер жарыс қожайындары — Оңтүстік Корея құрамасымен шеберлік байқасты. Матчтың негізгі уақыты голсыз тең аяқталды. Ал ойыннан кейінгі буллиттер сериясында Қазақстан құрамасы 4:3 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Қазақстан құрамасы үш кездесуде де жеңіске жетіп, Азия чемпионатының алтын медальдарын жеңіп алды.

Айта кетейік, қазақстандық хоккейшілер бұған дейін 2024 және 2025 жылдары Азия чемпионы атанған болатын. Осылайша, ұлттық құрама үшінші рет қатарынан құрлықтың ең үздік командасы мәртебесін растады.

Турнирдің қорытынды кестесі:

Қазақстан
Жапония
Оңтүстік Корея
Қытай
 
 



Күн шежіресі