logo

Қазақстан жастар құрамасының ойыншысы мансабын Ресей чемпионатында жалғастырады

Қазақстан жастар құрамасының ойыншысы мансабын  Ресей чемпионатында жалғастырады

«Жетісудің» жартылай қорғаушысы Давид Есімбеков ресейлік «Черноморецке» ауысты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«ФНЛ с Ильевым» телеграм арнасының хабарлауынша, «Черноморец» «Жетісумен» 19 жасар жартылай қорғаушының ауысуы жөнінде келісімге жетті. Давидпен келісімшарт 3,5 жылға жасалды.

Давид Есимбеков өткен маусымда «Жетісу» сапында Премьер-лигада және Қазақстан Кубогында 22 матч өткізді. Сондай-ақ, ол Еуропа-2025 чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан жастар құрамасы құрамында екі ойынға қатысты.

Айта кетейік, «Черноморец» 20 турдан кейін ФНЛ турнирлік кестесінің 18-ші орнында жайғасып отыр.