Жеңілмегендердің шайқасы: «Порту» – «Бенфика» матчының тікелей эфирі

Қос үздік команда «Порту» мен «Бенфика» Португалия чемпионатында жеңіліссіз келеді.
«Порту» мен Фариоли үшін бұл маусым тамаша өтіп жатыр — команда чемпионаттың 7 турында 7 жеңіске жетіп, Еуропа Лигасының жалпы кезеңінде екі рет жеңіске жетті.
Ал «Бенфика» Чемпиондар лигасында «Қарабахқа» ұтылған соң бапкерін ауыстырды, команданының тізгінін Жозе Моуриньо ұстады, ол әзірге 4 ойында 2 жеңіске жетті.
Қазір «Порту» бірінші орында, «Бенфика» — үшінші орында: бұл жағдай бұл матчты одан сайын қызықты етеді.
Матч 5-нен 6-қазанға қараған түні сағат 01:15–де басталады. Тікелей эфир Sport+ телеарнасында және sportplustv.kz сайтында қолжетімді болады.