logo

«Жеңіс» құрамын Өзбекстан құрамасының футболшысы толықтыруы мүмкін

«Жеңіс» құрамын Өзбекстан құрамасының футболшысы толықтыруы мүмкін

«Жеңіс» футбол клубының бас директоры Айдын Қожахмет Sport+ телеарнасындағы Pluste Bol бағдарламасының құрметті қонағы болып, «Тұран» клубының бір легионеріне қызығушылық танытып отырғандарын растады.

Бағдарлама барысында студия жүргізушілері жазғы трансфер терезесінде «Тұранның» көшбасшы легионерлері жалақы мәселесіне байланысты командадан кетуі мүмкін деген пікір білдірді. Бұл ақпаратқа Қожахмет инсайдерлік пікір қоса отырып:

— «Тұранның» бір легионерінде ұсыныс бар қазір, — деп жауап берді.

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында «Жеңіс» клубы «Тұран» сапында өнер көрсетіп жүрген, Өзбекстан құрамасының шабуылшысы Шахбоз Умаровты өз қатарына қосуды көздеп отырғаны туралы ақпарат тараған болатын.

Pluste Bol бағдарламасының толық шығарылымын төмендегі сілтеме арқылы көре аласыздар.