«Қайрат» Премьер-Лиганың жеке көшбасшысы атанды

Алматыда 2025 жылғы Қазақстан Премьер-лигасының 4-турынан кейінге шегерілген матч аяқталды. Онда «Қайрат» пен «Атырау» командалары кездесті, деп хабарлайды Sport+.
Алматылықтар Сатпаев, Тапалов, Мартынович және Жоржиньо соққан голдардың арқасында 4:0 есебімен ірі жеңіске жетті.
Бұл нәтиже «Қайратқа» «Астана» мен «Ақтөбеден» үш ұпайға алшақтап, бір ойын артық өткізгенімен, турнирлік кестеде жеке-дара көш бастауға мүмкіндік берді.