Қазақстандық Месси «Жеңіс» сапына ауысуға жақын болды

«Жеңіс» футбол клубының бас директоры Айдын Қожахмет Sport+ телеарнасындағы Pluste Bol бағдарламасының құрметті қонағы болып, қазақстандық футболшы Еркебұлан Сейдахметке елордалық клубқа ауысу туралы ұсыныс жасағанын айтты.
«Еркебұланның негізгі орны — шабуыл. Біз қыс мезгілінде онымен келісімге келеміз деп ойлағанбыз, бірақ уақыт жетпей қалды. Ол „Ақтөбені“ таңдады, бірақ шын мәнінде бізге келгісі келген. Бастапқыда ол Еуропада ойнауды көздеді — Түркия мен Грекия чемпионаттарын. Бірақ қаңтарда бұл елдерде трансферлік терезе жабылған соң біз онымен байланысқа шықтық. Мен бас бапкерге Еркебұлан — әмбебап ойыншы екенін, тек латераль ғана емес, инсайд пен шабуылшы ретінде де жақсы ойнай алатынын түсіндірдім. Алайда бас бапкер соңғы екі жылда ол латераль ретінде ойнап жүріп, шабуылшы ретіндегі дағдысынан айырылып қалған шығар деп, ойланып жүргенде оны „Ақтөбе“ клубы алып кетті», — деді Қожахмет.
Pluste Bol бағдарламасының толық шығарылымын төмендегі сілтеме арқылы көре аласыздар.