logo

Текетірес жалғасуда. «Галатасарай» - «Бодрумспор» матчын қайдан көруге болады?

Текетірес жалғасуда. «Галатасарай» - «Бодрумспор» матчын қайдан көруге болады?

«Галатасарай» мен «Фенербахче» командалары Түркия Суперлигасында көш бастау үшін өзара сайысты жалғастыруда. Командалардың арасын үш ұпай ғана бөліп тұр, демек бір қателіктің өзі клубты титулдан айыруы мүмкін.

32 турдағы жарысты «Галатасарай» бастайды. Бурук шәкірттері қатарынан екі жеңіске жетті. Кубок аясында «Фенербахчені» жеңіп, чемпионатта «Самсунспордан» басым түсті.

«Бодрумспор» да екі матч бойы жеңілмей келеді. Олар «Аланьяспорды» жеңіп, «Антальяспормен» тең түсті. Бірақ қос команда арасындағы айырмашылық: «Галатасарай» алтын үшін күрессе, «Бодрумспор» чемпионатта қалу мүмкіндігі үшін барын салуда. Оларды ең соңғы сатыдан 3 ұпай ғана алшақтатып тұр.

Алғашқы турда стамбулдықтар «Бодрумспорты» аз ғана басымдықпен жеңе білді - 1:0. Ендігі кездесу 18 сәуір күні 22:00-де өтеді деп күтілуде.

Матчты тікелей эфирде Sport+ телеарнасынан және sportplustv.kz көре аласыздар.