Sport+ телеарнасында QJL жаңа маусымы басталады

Freedom QJ League өз тарихындағы үшінші маусымын бастайды. Бұл жолы лига аясында ойындар мен лигалар саны артып, қыздар лигасы да іске қосылады, деп хабарлайды Sport+.
Sport+ телеарнасы осы маусымның ең қызықты матчтарын тікелей эфирде көрсетеді.
2025 жылғы маусымда лига ұлдар арасында үш жас санаты бойынша және қыздар арасында бір лигада барлығы 542 матч өткізуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар, лигада өзінен бір жас үлкен қарсыластармен Қазақстанның 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы да өнер көрсетеді.
Жалпы турнирге 1500-ден астам спортшы қатысады.