Зайнутдиновтың «Зенитке» ауысқанын қалаймын: Нұралы Әліп
Бақтиер Түркияға кетпестен бұрын Ресей Премьер-лигасында өнер көрсеткен, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Футболшының агенті оның Ресейге бармайтынын мәлімдеген.
Енді осы ақпаратқа қатысты «Зениттегі» қазақстандық қорғаушы Нұралы Әліп пікір білдірді.
«Мен де бұл ақпаратты БАҚ-тан оқыдым. Артынша Бақтиердің өзіне хабарластым, ол әлі ешнәрсе білмейтінін, мұрнына ота жасатып, қазір қалпына енді келгенін айтты. Оның «Зенитке» ауысқанын шынымен қалаймын, өте жақсы болар еді», - деді Нұралы журналистермен болған әңгіме барысында.
Айта кетейік, Бақтиер Зайнутдинов қазіргі таңда Стамбұлдың «Бешикташында» өнер көрсетеді. Бір маусымда ол 37 матч өткізіп, небәрі бір голмен көзге түсті.
Оның агенті Евгений Новиков ресейлік клубтардан қызығушылық танытқандар болғанын, алайда ол елге ауысу Бақтиердің жоспарында жоқ екенін мәлімдеді.