logo

Бундеслига маманы Зайнутдинов ойнайтын «Бешікташты» басқаруы мүмкін

Бундеслига маманы Зайнутдинов ойнайтын «Бешікташты» басқаруы мүмкін

Дортмундтық «Боруссияның» бапкері Нури Шахин Түркия чемпионатында мансабын жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Маман «Бешікташ» президенті Хасан Аратпен ынтымақтастықтың болашағы туралы талқылады.

«Боруссияның» бапкері Эдин Терзичтің келісімшарты 2025 жылдың жазына дейін есептелген. Егер Терзич келісімшартын ұзартпаса немесе одан бұрын қызметінен босатылса, онда Шахин оның орнын басуы мүмкін. Ал егер Терзич клубта қалса, онда Нури «Бешікташпен» тағы да толығырақ танысады.

Еске салайық, «Бешікташта» Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов өнер көрсетеді.