logo

Бақтиер Зайнутдинов Хвича Кварацхелиямен бірге бір тізімге енді

Бақтиер Зайнутдинов Хвича Кварацхелиямен бірге бір тізімге енді

Transfermarkt интернет-порталы постсоветтік кеңістіктегі әрбір елдің ең қымбат футболшыларын ұсынды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Ең жоғары құны — итальяндық «Наполиде» ойнайтын грузин Хвича Кварацхелияда. Ең қымбат қазақстандық футболшы — «Бешікташ» ойыншысы Бақтиер Зайнутдинов, оның трансферлік құны 6 млн еуроға бағаланған.

Грузия: Хвича Кварацхелия (€ 80 млн, «Наполи»).

Украина: Александр Зинченко (€ 42 млн, «Арсенал» Лондон).

Ресей: Александр Головин (€ 30 млн, «Монако»).

Армения: Эдуард Сперцян (€ 18 млн, «Краснодар»).

Қазақстан: Бахтиер Зайнутдинов (€ 6 млн, «Бешикташ»).

Молдова: Олег Рябчук (€ 5 млн, «Спартак» Мәскеу).

Өзбекстан: Аббосбек Файзуллаев (€ 5 млн, ЦСКА Мәскеу).

Литва: Гвидас Гинейтис (€ 2 млн, «Торино»).

Эстония: Карл Хейн (€ 2 млн, «Арсенал» Лондон).

Белоруссия: Илья Шкурин (€ 2 млн, «Сталь»).

Әзірбайжан: Ренат Дадашов (€ 2 млн, «Хатайспор»).

Латвия: Раймондс Кроллис (€ 1,5 млн, «Вишков»).

Тәжікстан: Рустам Ятимов (€ 1,2 млн, «Истиклол»).

Қырғызстан: Гүлжигит Алыкулов (€ 550 мың, «Неман»).

Түркіменстан: Руслан Мингазов (€ 450 мың, «Китчи»).