Нұрәлі Әліп ЦСКА қақпашысының мұрнын сындырды
Футболдан Ресей кубогы финалында Санкт-Петербургте жергілікті «Зенит» пен ЦСКА кездесті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Бірінші таймда алаң иелерінің қорғаушысы Нұралы Әліп шабуыл шебіне шығып, қарсы команда қақпашысы Владислав Тороптың баспен ұрды.
Әліп әуелеп келген допты баспен қақпаға дарытпақ болған. Алайда, оның басы допқа емес, допты қағып алмақ болған қақпашының мұрнына тиді. Соққының ауыр болғаны сонша, Торопты алаңнан дәрігерлер алып кетті. Оның мұрны ісіп, қан кеткен.
ЦСКА осыдан кейін амалсыз қақпашы ауыстырып, Тороптың орнына Владимир Шайхутдинов шықты.
Айта кетейік, Мәскеуде өткен бірінші матч 1:1 есебімен тең аяқталған. Бүгін жеңіске жеткен команда Ресей кубогінің иегері атанады.