Зайнутдиновта бір жыл ішінде бесінші бапкер ауысады
78 жастағы румыниялық маман Мирча Луческу жазда «Бешікташты» басқарады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Түрік клубы қыста Мирчаға ұсыныс жасаған, алайда ол ұсынысты қабылдамаған. Луческу бұған дейін 2002 жылдан 2004 жылға дейін «Бешікташта» жұмыс істеген.
«Қырандар» құрамында Қазақстан құрамасының үздік бомбардирі Бақтиер Зайнутдинов ойнайды.
Бұл маусымда команданы Шенол Гүнеш, Бурак Йылмаз, Рыза Чалымбай жаттықтырды. Қазіргі уақытта бас бапкер лауазымында португалиялық Фернанду Сантуш отыр.