logo

Швед қақпашысы «Барыстан» кетуі мүмкін

Швед қақпашысы «Барыстан» кетуі мүмкін

Швед қақпашысы Юхан Маттссон Андрей Шутов елордалық клубқа оралғаннан кейін «Барыстан» кетуі мүмкін, деп хабарлайды Sport+.

Естеріңізге сала кетейік, Андрей Шутов елордалық командамен үш жылдық келісімшартқа қол қойды. Биылғы маусымды өскемендік 26 жасар тәрбиеленуші братиславалық «Слованда» бастады. Словакияның тұрақты чемпионаты аясында 15 кездесуде қайтарылған соққылардың пайызы 90.3, сенімділік коэффициенті 2.85 болды.

«Барыс» құрамында Юхан Маттссон 7 кездесуге қатысты. Қайтарған соққылар пайызы 87.9, сенімділік коэффициенті 4.05 болды.