«Алматы» ХК бұрынғы НХЛ ойыншысымен келісімшартқа отырды
Қорғаушы Ринат Валиев «Алматы» құрамын толықтырды, деп хабарлайды Sport+.
Өткен маусымды 29 жастағы қорғаушы «Хумо» командасында өткізді, онда 12 ойында 3 (1+2) ұпай жинаған болатын.
Бұған дейін хоккейші НХЛ-де «Торонто Мэйпл Лифс» сапында 10 ойын және «Монреаль Канадиенс» сапында 2 ойын өткізген. КХЛ-де ол Қазанның «Ак Барс», Минскінің «Динамо» және Владивостоктың «Адмирал» клубтарында өнер көрсетті.